ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ ҚЫРҒЫЗ ЖАСТАРЫН БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
Мамыр айының 18-19 күндері аралығында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында «Қазақстанның білім күндері» халықаралық көрмесі өтті. Халықаралық көрмеге Қазақстанның қырыққа жуық жоғары оқу орны қатысты. Оның қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің делегациясы да бар. Университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық көрме жұмысы көршілес елдің жастарын Қазақстанда білім алуға шақыруды мақсат етеді. Көрме барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тағылымды тарихы, білім беру жүйесі кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ көрмеге қатысушылар оқу орны ұсынатын мол мүмкіндіктерден де хабардар болды.
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ делегациясы кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Халықаралық көрме жұмысы мамырдың 22-23 аралығында Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өз жалғасын табады.