ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА ҚАТЫНАУ АРЗАНДАЙДЫ
Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды.
Аталған жеңілідктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылып отыр.
Купе және СВ вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 - 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
Пойыздың жүруінен 30 -6 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Плацкарт вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 - 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Ал 30 - 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.