УНИВЕРСИТЕТТІҢ 33 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУДЕ
2017 жылдың 22-27 мамыры аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 33 білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден өтуде. Оның ішінде бакалавриаттың – 20, магистратураның – 9, докторантураның 4 мамандығы бар.
Аккредиттеуді Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің сарапшылары (НКАОКО) жүзеге асыруда. Агенттік 2017 жылдың ақпан айынан бастап жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) толыққанды мүшелігіне қабылданды. Ал бұл аталған ұйымның жоғары білімнің еуропалық кеңістігіндегі халықаралық мәртебесін айқындайды.
Осы ретте университетке Қазақстандағы академиялық қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын сарапшылар, жұмыс берушілер, студенттер мен халықаралық сарапшылар тобы келді, деп жазады университеттің баспасөз қызметі.