КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ҚАПЕРІНЕ!
Бүгінде облыс орталығында автокөлік қатары көбейіп келеді. Әрине бұл қаладағы жол қозғалысына да өз әсерін тигізеді. Осыған орай тиісті құрылым мамандары көше кептелістерінің алдын алу шараларын қолға алуда.
Былтыр пайдалануға берілген Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы қазір көлік көп жүретін көшенің біріне айналды. Осыған орай Ш. Есенов көшесіндегі көлік қарқыны да артып отыр.
Осыған байланысты Ш.Есенов көшесін бас жол, Демесінов көшесін екінші дәрежелі жолға өзгерту үшін жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылардың (Ш.Есенов көшесіне 2.1 "Бас жол", Демесінов көшесіне 2.4 "Жол берілсін" белгілері) орны ауыстырылып отыр.