«ТАЛДЫСУДА» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Семинар сабақ барысында Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері мен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ қызметкерлері жазғы тынығу лагерлеріндегі өрт қауіпсіздігі ережесімен таныстырып, өрт болған жағдайда атқарылуы тиісті жұмыстар жайлы айтты. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік шаралары, суға кеткен адамды құтқару тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай орын алғанда автоматты дабыл қондырғысын қағу ережесі түсіндірілді.
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
