ЕХРО-2017 ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Байланыс орталығы халықаралық шарада үздіксіз қызмет көрсетіп, ЕХРО-2017 көрмесінің барлық клиенттік тобының өтініштерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.
Байланыс орталығы тәулік бойы 1440 және 8 800 080 2017 нөмірлері бойынша жұмыс істейді. Байланыс орталығына Қазақстан аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін. Операторлар қоңырау шалғандарға қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді.
24.kz