ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ
Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығы аясындағы шараларға орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Байқоңыр ғарыш айлағы мұражайында болды.
Мұнда департамент қызметкерлері 10000-нан аса экспонатты тамашалады. Мұнда негізінен ғарыш айлағы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер орналастырылған.
Байқоңыр ғарыш айлағына келген жанның зымыранның ұшырылуын тамашалағысы келетіні анық. Алайда, осы тұста көбісі фотосуреттер, түрлі экспонаттар, зымыранның элементтері – қозғалтқышы, қаптамасы, навигациялық аспаптары бар ғарыш айлағы мұражайының барын біле бермейді. Ол ғарыш айлағының орталық бөлігінде орналасқан, үш бөліктен тұрады.
Мұражай тарихы «Офицерлер үйінен» бастау алады. Онда ғарышкерлер, әскери адамдар және зымыран құрастырушылар бос уақыттарында мұнда шығармашылық кештерін, кино көрсетілімдерді және басқа да мәдени шараларды өткізіп отырған.
Мұражайда жасақталған ғарыш айлағы бұрышына түрлі экспонаттар, естелік суреттер және шығармалар орнатылды. Біртіндеп, бұрыш бөлмеге, бөлме үлкен ғарыш айлағы мұражайына айналып шыға келді. Ғимаратты түгел аралап шығуға 5 сағат кетеді.
Айлақтағы Королёв пен Гагариннің тұрған үйлерін тамашаушылар қатары көп. Мұнда КСРО-ның бас зымыран құрастырушысы мен әлемнің тұңғыш ғарышкерінің қарапайым ғана тұрмысын көріп қайран қаласыз. Королёв сол аталмыш үйде бірнеше жыл өмір сүрген, ал Гагарин ғарышқа ұшар алдында бірнеше күн аялдаған екен.
Байқоңыр ғарыш айлағы мұражайын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер тамашалады.