ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ СӘРСЕНБІДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман бақыланады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр найзағаймен күтіледі, тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады.
Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысында жел 17-22 м/с болады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.