ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ІРІ ШЕНЕУНІГІ ПАРА АЛУ ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ (видео)
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б. Халықты 70 мың доллар көлемінде пара алу үстінде қолға түсірді деп хабарлайды NUR.KZ ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне тезірек қол қойып бергені үшін белгілі ұйымдардан жүйеленген негізде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған.
Сондай-ақ, Халық бас есепші Қарагөз Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Теміржан Махмутовпен бірге РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Күдіктінің тұрып жатқан жергілікті үйін тінту барысында 300 мың АҚШ доллары мен 6 млн теңге тәркіленген.
23 мамыр күні Халық, Медебаева және Махмутов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.