Қ. КӨШЕРБАЕВ: АПАТТЫ МЕКТЕП ДЕГЕН ТҮСІНІКТІ ТҮПКІЛІКТІ ЖОЯМЫЗ

–Біздің өңірде бас-аяғы 37 апатты мектеп болған. Бүгінде соның 25-ін салып бітірдік. Қалған 12 білім ошағының тоғызын жазға дейін салып бітіреміз. Ал қыркүйекке дейін соңғы 3 мектеп те дайын болады. Осылайша біз апатты мектеп деген түсінікті түбегейлі жоямыз.
Балалардың тынығу лагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Бірақ, лагерлер тек 3-ақ ай жұмыс істеп, қалған уақытта қаңырап тұрмауы тиіс. Иесіз қалған үйдің қирауы оңай. Қамбаштағы балалар тынығу орны осындай оймен салынды. Онда балалар ҰБТ-ға дайындалады, мұғалімдер біліктілігін көтереді. Олардан босаған уақытта ардагер ұстаздарды тынықтырып аламыз.
Осындай лагердің бірін Қармақшыдан да саламыз. Оған жақында бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Жақын арада мердігерлер жұмысқа кірісіп, 120 орындық лагерь құрылысын бастайды, – деді әкім.