Қ. КӨШЕРБАЕВ: БӘРІ ДЕ ӨЗІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
«Әкім сағаты» хабарында облыс әкімі Қ. Көшербаев студиядағы тілшілермен де емен-жарқын әңгімелесіп, көкейдегі ойын айтты. Қазіргі жастардың масылдыққа үйір болып, бойкүйездікке бой алдырғанына алаңдайтынын да жасырмады.
–Тепсе темір үзетін жігіттер «Дайын асқа – тік қасық» болуды әдет қылған. Бір ғана мысал, барлық жағдай жасалғанымен де іскерлік белсенділігіміз артпай отыр. Мүмкіндік бар, қаржы да жеткілікті. Енді іс бастауға не кедергі? Сол баяғы жалқаулық. Осыдан да шағын бизнесті дамытуды жоғарыдан төменге қарай жүргізіп келеміз. Негізінде бұл керісінше болуы керек. Етекбасты ескіліктен арылатын кез әлдеқашан жетті, – деді аймақ басшысы.