ШЕТ АЙМАҚТАН СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында облыс әкімі Қ. Көшербаевтың қатысуымен өткен «Әкім сағаты» хабарында аймақ басшысына сауал қойғандар көп болды. Мысалы, Айдос Сәдіров атты қала тұрғыны шет аймақтан спорт нысандары салынса деген пікірін жеткізді.
–Шет аймақтан тұрғындарға қолайлы спорт нысандарын салу жоспарда бар. Жуырда бұл мәселе нақты шешімін тапты. Алда қаланың шеткі аудандары үшін де 4 бірдей нысан салынады. Сонымен қатар, сол жағалауда да үлкен стадион мен бірқатар спорт нысандары бой көтереді, – деді облыс әкімі бұл сауалға орай берген жауабында.