БІР КҮНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАН 450 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Онда ОІІД қызметкерлерінен жасақталған 45 мобильді топ облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Рейдтің алғашқы күнінде ҚР ӘҚБтК-нің 517- бабын бұзған (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 450 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге рейдте ҚР ӘҚБтК-нің 518, 519 баптарын бұзған 49 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі (қоғамдық орында тиісу) бойынша 9 шетел азаматына шара көрілді. 204 шетелдіктің ел аумағында болу мерзімдері қысқартылды.
Өзбекстан Республикасының 14 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393-бабы (ҚР-ның аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзбекстан Республикасының 46 азаматы әкімшілік кодекске сәйкес және 4 азамат Азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.