ХАБАРЛАНДЫРУ
Ағымдағы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі Қ. Бозымбаев бейнеконференция арқылы халық алдында есеп береді. Кездесу барысында министр сала қызметі туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру кездесуі 2017 жылғы 1 маусымда сағ.11-00-де Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимаратының киноконцерт залында өтеді.
Осыған байланысты сұрақтар және ұсыныстарыңызды 8(7172) 786862, 786884 арқылы хабарласып айтуға немесе zh.baktygali@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтындағы «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz