ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЕМИНАР – ТРЕНИГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде мемлекеттік тілге жауапты мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік тіл саясаты: Қазтест мәселелері» тақырыбында семинар – тренинг өтті. Шараны Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы Ж.Ерекешова жүргізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, «Ұштұғырлы тіл» саясаты төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, «Қазтест» жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар мемлекеттік тілге жауапты мамандармен пікір алмасып, ортақ мақсатқа жету жолындағы жұмыстарды жоспарлады.
Шара соңында тіл мамандарына «Мемлекеттік тіл саясаты: Қазтест мәселелері» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курсынан өткендігі жөнінде сертификаттар тапсырылды.
Дана ДОСТАНОВА,
ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл аудармашысы