ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» МЕН «КЫЗЫЛОРДИНСКИЕ ВЕСТИ» ГАЗЕТТЕРІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Облыстық «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің 85 жылдық мерейтойы жаңа кiтаптардың тұсаукесері және қоғамдық-саяси басылым туралы сыр шертетін көрмемен басталды. Мәдени шара Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті.
Екі газеттің тарихынан мағұлмат беретін 85 жылдық белесті артқа тастаған басылымдар жайлы 2 кітап жарыққа шықты. «Сырдың сырлы шежіресі» және «В газетных строчках – летопись области» деп аталатын бұл кітаптардың айтатыны да, беретіні де көп. Аталған газеттердің редакторлары Ж.Әбдіраман мен Т.Касымовтар қос газеттің тарихынан сыр шертті. Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесінің бас директоры Б.Жақып, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Н.Омашев сынды белгілі қаламгерлер жаңа кітаптардың тұсаукесерімен құттықтады.
Мерейтойды атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген. Екі газеттің мерейтойына келген арнайы қонақтар салтанатты шарадан кейін қаланың көрікті жерлерін аралады. Іс-шаралар бағдарламасы «Сыр медиа» ЖШС-де жалғасын тапты. Ол жерде меймандарды журналистердің жұмыс орындарымен танысты. Қонақтар ерекше назарын аударған фотокорреспонденттердің аймақтың қалыптасу тарихы мен кәсіпорынның дамуынан сыр шертетін фотоларынан дайындалған көрме болды. Сонымен қатар, мерейтойға арнайы келген меймандар жаңа заманғы технологиялармен жабдықталған баспахананың жұмысымен танысты.
Фариза ОМАРОВА