МАНЧЕСТЕРДЕГІ ЖАРЫЛЫСТАН 19 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Мамырдың 22-сі Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен концертте жарылыс болып, полиция кемінде 19 адамның қаза тапқанын, 50-ге жуық кісінің жараланғанын хабарлады. Британия билігі жарылысты «террорлық акт» деп мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq.org.
Мамырдың 22-сі куәгерлер Манчестер қаласындағы Manchester Arena ғимаратынан жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:45 шамасында «қатты жарылыс» естігендерін айтады. Manchester Arena-да сол күні АҚШ-тың эстрада әншісі Ариана Гранде (Ariana Grande) концерт берген еді.
Манчестер полициясы Twitter әлеуметтік желісі арқылы "19 адамның қаза тапқаны анықталды, 50-ге жуық адамның жараланғаны белгілі болды. Жарылыс басқа дәлелдер табылғанша террорлық акт ретінде қарастырылады" деп хабарлады.