ТЕРРОРИЗМ МЕН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛДЫ

Аталған шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Қызылорда облысы ішкі істер департаменті, Дін мәселелерін зерттеу орталығы және Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің мамандары қатысты.
Семинар барысында терроризм мен экстремизге қарсы іс-қимыл және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, диструктивті діни ағымдар төңірегінде айтылып, ХҚКО қызметкерлері мамандарға сауалдарын қойды. Шара аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару жөнінде шешім қабылданды.