«САМҰРЫҚТАН» «СҰҢҚАР» ОЗДЫ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен, мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың арасында «Шынықсаң, шымыр боласың» тақырыбында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа мекеменің №1,2,3 және №4 жасақ сотталған азаматтардан құралған «Самұрық», «Қыран», «Сұңқар» және «Тұлпар» командалары қатысты. Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Алексей Куберский төрелік еткен жарыста №3 жасақ сотталғандарынан құралған «Сұңқар» командасының футболшылары бірінші орын биігіне шықты. Екінші орынға «Самұрық» тұрақтаса, үштікті «Тұлпар» командасы түйіндеді.
Спорттық шара жаза сотталған азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.