ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ!
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасының 24-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер қабылдайды.
Субсидия алуға арналған тізбеге ену үшін 100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдары ереженің 3-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.
Өтінім Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарында қабылданады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының
аудандық филиалдарының мекенжайы
Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199
Қазалы ауданы – 1. Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі, 9 «а» үй, тел.:8/72438/79243
2. Қазалы қ.,.Жалантөс Баһадур к-сі, 23 үй, тел.:8/72438/79243
Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120
Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Сәрке батыр к-сі, 7 үй, 8/72431/79199
Сырдария ауданы – Сырдария кенті, Қонаев к-сі, 12 үй, 8/72436/79179
Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255
Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 134 «а» үй, тел.:8/72435/79120
Қызылорда қаласы Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі,28 тел.:8/7242/400981
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі