ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ БІРІГІП ЗЫМЫРАН ЖАСАМАҚ
"Бәйтерек" жобасы аясында мемлекеттер бірлесіп зымыран жасап шығаруды көздеп отыр Қазақстан мен Ресей жақын арада орташа деңгейлі зымыран жасап шығаруға кіріседі, деп хабарлады РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин РИА Новости агенттігіне.
Рогозиннің сөзіне жүгінсек, бірнеше күннен соң Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасының аясында "Байқоңырды" бірлесе пайдалану мәселесін қарастырады. Қазақстан сөре кешенін реконструкциялауға қаражат жағынан қатысады, содан кейін зымыранды жасап шығару жұмысы басталмақ.
"Бұл орташа деңгейлі зымыран, жер орбитасындағы жүк көтергіштігі 17 тоннаға дейін жетеді және мұнда "Байқоңырдағы" бұрынғы "Зенит" зымыранының сөре кешеніндегі дайындама қолданылады", — деді Рогозин.
РФ вице-премьері атап өткендей, мұндай зымыранның жасап шығарылуы Ресейдің ғарыш саласындағы коммерциялық қызмет көрсетулер нарығындағы орнын нықтай түседі.
sputniknews