«...Жер бетінен мұхиттар жоғалады» (видео)
«50 мың жылдан кейін қайтадан мұз дәуірі басталады. Ниагара сарқырамасы жоғалады. 500 мың жыл ішінде жерге аумағы бір шақырым болатын астероид соқтығысады. Ал одан кейін супержанартау атқылайды. Ол уақытқа дейін Бетельгейзе жұлдызы жаңа ғаламшарға айналады.
50 миллион жылдан кейін Фобос серігі Марс бетіне құлайды, ал жүз миллион жылдан кейін оған аумағы 10 шақырым астероид соғылады және Сатурн сақинасынан толық айырылады. 400-500 миллион жылдан кейін жердің озон қабатын жойып жіберетін гамма-жалын пайда болады. Күн бұрынғыдан да қыза түсіп, климат өзгереді. Көмірқышқыл газы күрт азаяды, мұның салдарынан фотосинтез мүмкін болмай қалады. Ақыры миллиард жылдан кейін қуатты буланудан жер бетіндегі мұхиттар құрғап кетеді».
Бұл болжамды RealLifeLore YouTube арнасы жасады. Мұндай болжамдар өте көп. Мынау – соның бірі ғана. Шын мәнінде күні ертең не болатынын ешкім тап басып айта алмайды.