ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚ ҮШІН ӨТКЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ДАУҒА ҰЛАСТЫ
Халықаралық бокс федерациясының екінші орта салмақтағылар арасында ұйымдастырған жекпе-жегі жанжалмен аяқталды.
Әлем чемпионы белбеуі үшін өткен жарыста венесуэлалық Хосе Ускатеги Америка боксшысы Андрэ Диррелланы сегізінші раунд соңында нокаутқа жібереді. Бірақ рефери Хосенің соққысы гонгтан кейін жасалғанын ескеріп, жеңісті Андрэге береді.
Осыдан кейін америкалықтың секунданты Ускатегиге жақындап, оған күтпеген жерден жойқын соққы жасайды. Кейін анықталғандай ол Андрэнің ағасы болып шыққан. Осы оқиғадан кейін қашып кеткен оны қазір полиция іздестіруде.