ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕКІ БАЛА ЖӘНЕ БІР ЖАСӨСПІРІМ СУҒА БАТЫП КЕТКЕН
Осы жылғы 11 мамырда Арал ауданындағы Аманөткен ауылында бір отбасының 5 және 8 жасар екі ұлы суға батып кеткен.
Осы күні 3 бала ойнап жүріп, тереңдігі 1 метр болатын су тұндырғышқа түсіп кетеді. Жеті жасар бала өз күшімен судан шығып, болған оқиға жайлы әкесіне айтқан. Әкесі су тұндырғышқа келген кезде су бетінде қалқып жүрген екі баланың мәйітін көріпті.
Сондай-ақ, 13 мамырда Жаңақорғанда 16 жастағы қыз бала суға батып кеткен.
Оныншы сыныпта оқитын ол сыныптас 5 қызбен «Қорғантоғай» каналына суға түсуге барыпты. Судағы қауіпсіздікті сақтамау салдарынан ажал құшқан оның денесін судан өз туыстары шығарып алған.