ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ІРІКТЕЛГЕН ЖАРЫС
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен ҚР «Қызыл Ай Қоғамы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Оқушылар саябағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет, өрт және судағы қауіпсіздік бойынша №5, 7, 23, 101, 187, 198, 211, 264 орта мектептері оқушыларының қатысуымен эстафеталық жарыс өткізілді.
Шарада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Ерсұлтанов пен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Әлішеров жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жас құтқарушылар құрамын іріктеуді көздеген байқау 4 кезеңнен тұрды: саптық қарау және киім дайындығы, тыныс органдарын қорғау құралдарымен жұмыс жасап, газ қағарды уақытқа кию, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету және тест сұрақтары бойынша байқаулар өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, оқушыларға төтенше жағдайлар департаменті қызметінің қолданыстағы техникасы және құрал-саймандары таныстырылды.
Қызылорда қаласы ТЖБ