ӘДІЛОВТЕР ОТБАСЫ ОЗЫП ШЫҚТЫ

Байқауға 6 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Бес кезеңнен тұрған сайыста I орынды Әділовтер, II орынды Бостановтар, III орынды Сартаевтар отбасы иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сайыста «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің президенті Р. Жаппарбергенов пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов қатысушыларды халықаралық отбасы күнімен құттықтады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.