ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовті еске алуға арналған дәстүрлі шахмат турнирі басталды.
Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен он екі облыстан 300-ге жуық жас шахматшы швейцар жүйесі бойынша бақтарын сынауда.
Жарыстың бас төрешісі Ержан Шәкеновтің айтуынша ересектер арасында «Қызылорда Опен» рейтингілік турнирі де қатар өтеді.
Жарыс 26 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.