СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы өкілдері хабарлағандай, семинардың негізгі мақсаты оқушылар бойында төтенше жағдайда құтқару дағдысын қалыптастырып, зардап шеккендерге қажетті алғашқы көмек беруді үйрету болды.
Тәрбиешілерге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттілігі айтылды. Сондай дәрігерлер жеткенше көмек көрсетудің әдістері көрсетілді, сонымен қатар авариялық құтқару құралдары және сүңгуір жабдықтарының көрмесін өткізді.
Жасақ құтқарушылары семинарға қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар таратты.
