ЖЫР БОЛЫП ШАШЫЛҒАНДАР
Жалағаш ауданындағы №202 орта мектепте «Жыр болып шашылғандар» атты аудандағы ақын-қыздардың шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кеште Есенбаева Айша, Қалжан Өтегенқызы, Бақыт Кәнтайқызы, Роза Көшекбайқызы, Айкүміс Телғарақызының шығармашылықтарына жеке-жеке кеңінен тоқталып, өлеңдері оқылды.
Айкүміс Телғарақызының шығармашылығындағы «Көктемді сендермен қарсы алам», «Жалағашқа жыр шашу» атты әуендері әуелете шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш барысында жыр жамбоздарының ізін басып келе жатқан Р.Атаулиева А. Ысқақовалар өз өлеңдерін оқып, оларға ақын апалардың жолын берсін деген тілекпен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ақын аналарымызға аудан әкімінің «Алғыс хатын» және «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің сый-сыяпаттарын тарту етті.