ЖАСӨСПІРІМ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ БАСТАМА
Осыған дейін жүргізілген талдау жұмыстары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы қолданылып келе жатқан профилактикалық шаралардың тиімсіз екенін көрсетіп отыр. Оған осындай қылмыстардың өршуін дәлелдейтін статитистикалық деректер дәлел.
Мәселені жете зерттеу балалар тәрбиесімен айналысатын тұлғалар арасында байланыстың жүйелі емес екендігін көрсетті. Яғни, сынып жетекшілері, ата-аналар, ювеналды полиция, психологтар, мектеп әкімшілігі және т.б. арасында өзара байланыс орнататын механизм жоқ.
Осы орайда, қала прокуроры М.Досмағанбетовтың бастамасымен қала әкімінің орынбасары, білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі және ішкі саясат бөлімі басшыларының, мектеп директорлары мен оқушылардың ата-аналарымен бейресми кездесулер өткізілді.
Кездесулерде «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында іс-шараларды бекіту талқыланып, мүдделі тұлғаларды және оқушыларды қатыстыру арқылы қаланың бір мектебінде пилоттық жоба енгізуге шешім қабылданды.