ҚАЗАҚСТАНДА 2015 ЖЫЛЫ ҰШҚЫШТАР ДАЙЫНДАЙТЫН 2 ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Қазақстанда 2015 жылы халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес ұшқыштар дайындайтын 2 оқу орталығы ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта елімізде халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары бойынша сертификатталған бірде-бір оқу орны жоқ. Біз бүгінде «Тянь-Шань» оқу орталығымен бірге белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, жыл соңына дейін оқу орталығы сертификат алады. Сондай-ақ, азаматтық авиация оқу орталығы ашылады, фин тарапымен бірге оқу бағдарламасы әзірленді. Осылайша, 2015 жылы елімізде екі оқу орталығы – «Тянь-Шань» және азаматтық авиация орталығы ашылады», - деді Ж.Қасымбек.
Бірінші вице-министр атап өткендей, Қазақстан бүгінде жыл сайын 200-ге тарта студентті Литва, АҚШ, Испания, Ирландия, Финляндия және Бельгияға оқуға жібереді.