ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі табиғат қорғау прокуратурасы облыс орталығында атмосфераға зиянды заттарды тастатпау мақсатында «Таза ауа - денсаулық кепілі» акциясын бастағанын хабарлайды.
Акция Қызылорда облысы бойынша экология департаменті, жергілікті полиция қызметі, «Қазгидромет» МҚК ШЖҚ филиалы мен денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен өткізіледі.
«Қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз ету тек бір мекеменің жұмысымен ғана емес барлық мүдделі органдардың жұмыла жұмыс жасауынан оңды нәтиже беретіні сөзсіз», - деп мәлімдеді Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры Ә.Зейнулла.
Аталған акцияның мақсаты – қоғам назарын экологиялық мәселелерді шешуге аударып, қала ішін тұрмыстық қалдықтардан тазарту, автокөлік құралдарының экологиялық талаптар мен нормаларды сақтау талаптарын бұзудың алдын алу және жол бермеу.
Автокөліктерді тексеру көлікті бақылаудың қозғалмалы және стационарлық бекеттерінде газоанализаторлар мен түтін өлшегіш құралдардың көмегімен тексеріледі.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын көлік саласында өрескел бұзу деректері анықталған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға қатысты ӘҚБтҚРК-не сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Сондай-ақ, акция аясында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мамандары тұрғындардың флюрографиялық, артериялық қысым деңгейлерін тегін тексереді.