ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ БҰРШАҚ ЖАУУЫ ЫҚТИМАЛ
22 мамырда Қазақстанның кей жерлерінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағайлы жауын-шашын болып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Павлодар, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.
Қостанай, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.