БӘЙГЕҚҰМДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ОІІД Жергілікті полиция қызметкерлері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйені қалыптастыру бағытына сәйкес және ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар басшылары азаматтарды қабылдады.
Акцияға жалпы 200-ге жуық азамат қатысып, қатысушылардан түрлі мазмұндағы сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен жауаптар беріліп, сонымен қатар толыққанды жауаптар берілу үшін тиісті мекемелерге қатынас хаттар жолданды.
Сонымен қатар, акция барысында жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізліп, көрнекі үгіт-насихат парақшалары таратылды.
Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізілді.