Оқырманға керегі – БАҚ-тың беделі
Кеше Жаңақорған ауданында «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көшпелі семинары өтті. «Газет өміршеңдігін мазмұны айқындайды» атты көшпелі семинарды серіктестіктің бас директоры Аманжол Оңғарбаев ашты.
Ол өз сөзінде қазір БАҚ алдында тұрған міндеттер мен оның мәртебесі жайлы айтып өтті. Серіктестікте атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Семинарда сонымен қатар екінші жартыжылдықта баспасөзге жазылудың барысы, басылымдардың тақырып таңдаудағы талғамы, медиа кеңістікте аймақ журналистикасының алар орны, басылымдардың мазмұндық деңгейін арттырудағы ізденістер, журналистердің шығармашылық әлеуетін арттырудағы жұмыстар барысы айтылды. Серіктестік бас директорының орынбасары М.Аралбаев, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Ж. Әбдіраман, облыстық «Қызылорда-ньюс» интернет газетінің бас редакторы М. Жетпісбаев, «Қазалы» аудандық газетінің бас редакторы Д. Омаров пен «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің бас редакторы Н. Байгенженің осы бағытта жасаған хабарламалы тыңдалды.
Семинарда көтерілген мәселелерге орай серіктестік мамандары өз пікірлерін білдірді.