АРМАН ОСПАНОВ ЖАПОН СПОРТШЫСЫН ВАН ДАММ ӘДІСІМЕН НОКАУТҚА ЖІБЕРДІ
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ACB 61 турнирінде жапон қарсыласы Таичи Накаджиманы (12-7-1 MMA; 2-1 ACB) екінші раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшы бірінші раундта сақ жүріп,бір мәрте қылғындыру әдісін де қолданып көрді. Алайда 28 жастағы жапон айлаға түспеді. Ал екінші раундта Оспанов бірден шабуылға көшіп, қарсыласын айналып келіп теуіп, демде нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Арман Оспанов бұл АСВ турнирінде бірінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның активінде ММА-дан 7 жекпе-жектен 7 жеңіс бар. Биыл қазақстандық спортшы ACB лигасымен 4 жекпе-жекке келісмшарт жасасқан.