ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК АЭРОҰТҚЫР ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА КЕЗІНДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

Бұл жарысқа 40-қа жуық адамдар қатысты. Барлық қатысушылар Қызылорда қаласының мүгедектері және Талсуат денсаулықты орнына келтіру орталығының ем қабылдап жүрген азаматтары.
Бұл іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру және мүгедектердің спорт түрлерін көпшілікке көрсету, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды олардың жүйедегі ұйымдасқан бәсекелестікке тарту арқылы белсенді және салауатты өмір салтын сауықтыру.
Жарыс аяқталғаннан кейін жасақ құтқарушылары барлық қонақтарға және көрермендерге судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар мен брошюраларын таратып шықты.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы


