ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
Мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру мақсатында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шарада халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен олардың сапасы жайлы кеңінен айтылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Сырдария аудандық бөлім басшысының міндетін атқарушы С.Бекжүнісова орталық арқылы көрсетілетін қызмет түрлері жайлы баяндап, жұртшылықтың сұрағына жауап берді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға байланысты пікірлерін білдірді.
