ӨРТТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жиын барысында табиғат ресурстары басқармасының басшысы Н.Жолдасбаев пен ТЖД басшысы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов осы бағытта қолға алынған шаралар жайында хабарлама жасады. Сонымен қатар, аудан әкімдері де өртті болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Жиынды қорытқан облыс әкімінің орынбасары тиісті сала өкілдері мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.