КЕРЕМЕТТІ ӨЗ ҚОЛЫҢМЕН ЖАСА
Тасбөгет кенті әкімдігінде жас қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлағандай бұл көрменің ерекшелігі сол – оған қойылған жұмыстарды мүмкіндігі шектеулі балалар әзірлеген.
«Көкжиек» қоғамдық қорының жетекшісі Айман Тұрбаева барлық балалардың қолөнер үйірмесіне қатысатынын айтып отыр.
- Үйірме жұмысын біздің қор осыдан 4 жыл бұрын ұйымдастырған, - дейді ол. – Қазір онда 7 ден 16 жасқа дейін 40 бала қатысуда. Бүгін солардың 27-сі көрмеге өз жұмыстарын қойды.
Көрмеге көрпеше, тігін бұйымдары мен бисерден жасалған әшекейлер қойылды.
Тағдырына мойымаған кішкентай қолөнер шеберлері ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар алды.