HUSNA ДАЛАБЫНА ХАЛАЛ СТАНДАРТЫ БЕРІЛДІ

Аталмыш кәсіпорынның косметикалық өнімі арнайы зертханалық тексеріске жіберілді. Нәтижесінде өнім “Халал” стандартқа сай болып, ҚМДБ-ның сертификатына ие болды. Сертификатты ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС директорының орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.
HUSNA табиғи косметикасы елімізде өндірілген сәндік косметика саласындағы бірінші өндіруші. Кәсіпорынның басты мақсаты – өнімді шариғат талаптарына сәйкестендірумен қатар адам денсаулығына да зиянын тигізбеу болып табылады.