ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның оң имиджін қалыптастырып, елдің сенімін арттыру мақсатында құқық қорғаушылар «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып 2017 жылы мамыр айында республиканың барлық аумағы бойынша «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде.
2017 жылғы 19 мамырда Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі мен «Нұр Отан» партиясы Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырмақ.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерін кеңінен жариялау, Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығы тарапынан азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Акция барысында бір мезгілде полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жол-патрульдік полицейлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізу жоспарлануда.