ҚАЗАЛЫДА ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Мәжілісте Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова мектеп бітіруші 713 оқушының 458-і ҰБТ-ға қатысатынын хабарлады.
Мамыр айында алынған байқау сынағының қорытындысымен аудан бойынша орташа көрсеткіш 106,2 балды құрап отыр. 68 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 8 үміткер «Үздік аттестатқа», барлығы 76 оқушы үміткерлікке ұсынылуда.
Аудандық бюджеттен бөлінген 12,5 млн теңгеге 329 оқушы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына жіберілді. Алда 171 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. Ал ҰБТ-ға қатысатын оқушыларды тасымалдауға, тамақтандыруға және жатын орынмен қамту үшін аудандық бюджеттен 2,0 млн. теңге бөлінді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов сала басшысына ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру, бітіруші түлектерді тестілеу өткізілетін пункттерге қауіпсіз жеткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімі өз сөзінде тестілеуде балалардың моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керектігін баса айтты.