БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын үздік жариялау бойынша БАҚ, блогерлер арасындағы «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты үздік жарияланым конкурсына әдістемелік ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын үздік жариялау бойынша БАҚ, блогерлер арасындағы «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты үздік жарияланым ашық шығармашылық байқауының (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенім білдіру деңгейін арттыру;
мемлекеттік қызметтегі реформалардың маңыздылығын ашу;
меритократия қағидасына негізделген кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметті жаңғырту сұрақтарына азаматтардың назарын аудару;
ісіне адал жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилігін жариялау.
КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯЛАР
Конкурсқа баспасөз және электрондық БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтар мен 10 маусым аралығында жарияланған журналистік жұмыстар қабылданады. Кең бұқараға арнайы және корпоративтік БАҚ, сондай-ақ телесюжеттер (телесюжеттердің циклы), мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жариялау бойынша әлеуметттік медиа жарияланымдар.
Конкурс қатысушылары:
Конкурсқа ниет білдірген барлық журналистер (оның ішінде штаттан тыс), блогерлер қатысуға шақырылады.
Конкурсқа қатысушалар тікелей өздері немесе БАҚ редакциясының ұсынысы арқылы қатыса алады.
Конкурс келесі номнациялар бойынша өткізіледі:
Үздік теле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;
Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;
Интернеттегі үздік жарияланым;
Әлеуметтік медиадағы үздік жарияланым;
Бір қатысушы Конкурсқа әр номинацияда 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.
МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конкурсқа тек өзіндік материалдар, блогтардағы жарияланымдар, телесюжеттердер ұсынылады. Конкурстық материалдар автолық құқық, баспа, зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.
Конкурсқа журналистік материалдар қабылданады (сараптамалық жарияланымдар, материалдар, очерктер, репортаждар, шолу және телесюжеттер), мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық назардың деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік медиадағы жарияланымдар. Баспасөз БАҚ-ғы, ақпараттық агенттіктер беттеріндегі, әлеуметтік медиадағы жарияланымдар 10 000 белгіден аз болмауы тиіс.
Конкурсқа сараптамалық материалдар ұсынылуы қажет. Олар мемлекеттік аппаратты кәсибилендіру бойынша міндеттерді, аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша тетіктерді жүзеге асыру және осы процестің тікелей халықтың әл-ауқатына әсері туралы журналисттік көзқарасы мен азаматтардың жеке тәжірибесі жағдайын қарастырумен жазылуы тиіс. Баспасөз немесе электрондық БАҚ материалдары, телеарналардағы сюжеттер мемлекеттік қызмет институтын жетілдірудің маңыздылығы мен уақытылығы жайы, реформалардың тиімділігі, мемлекеттік қызмет дамуының келешегі, қол жеткізген және күтілетін нәтиже мәселелері ашылуы тиіс.
Конкурсқа пайдаланушыларды кең қамтыған, Конкурстың тақырыбына, міндеттеріне, мазмұнына қойылатын талаптарына сәйкес келетін әлеуметтік медиадағы жарияланымдар қабылданады;
Конкурсқа қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі материалдар ұсынылу мүмкін.
КОНКУРСҚА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
Конкурстық материалдар барлық номинациялар бойынша тек қана электрондық нұсқада ұсынылады (конкурстық жұмыс тобының электрондық мекен-жайына жіберіледі – adgspkrk@gmail.com).
Конкурсқа қатысушылар келесі конкурстық материалдарды:
1. тиісті номинацияны көрсетумен автордың аты-жөні, жұмыс орны және лауазымы, жарияланымдардың немесе телесюжеттердің тізімін енгізумен өтінімді,
2. «Мерзімдік басылымдардағы үздік жарияланым» номинациясы үшін: мерзімдік БАҚ-тарда жарияланған БАҚ атауы мен жариянымның шыққан күнін көрсетумен мақалалардың, очерктердің, сараптамалық жарияланымдардың, репортаждардың, шолулардың сканнер-нұсқасын (PDF, DOC, DOCX форматтары),
3. «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясы үшін: электрондық дереккөзіне гиперсілтемемен бірге жарияланымның шыққан күні мен электрондық БАҚ атауын көрсетумен JPG, JPEG форматтағы мақаламен сайт бетінің скриншотын,
4. «Үздік телесюжет» номинациясы үшін: ұзақтығы 60 минуттан және файлдың көлемі 1 GB-тан аспайтын AVI, MPEG-4 бейне форматындағы телесюжеттің жазбасымен мұрағатталған бейне- және аудиофайлды ұсынады.
Конкурстық материалдармен өтінім 2017 жылғы 10 маусымға сағ. 19.00-ге дейін қабылданады.
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМІ
Конкурстық жұмыстарды бағалаудың басты өлшемі олардың Конкурстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі болып табылады.
Конкурстық жұмыстарды бағалаудың өлшемі:
жұмыстың Конкурс тақырыбына, мақсаттары, міндеттеріне және талаптарына сәйкес болуы;
тақырыпты ашудың дәрежесі мен сапасы;
өзіндік тәсіл, материалдардың өзектілігі;
материалдардың шынайлығы мен ақпараттық толықтылығы;
материалдардың кәсіби дайындық деңгейі мен тақырыпты ашудағы жүйелілігі;
жарияланымдардың сонылығы мен мәнерлігі, авторлық ой-пікір.
Конкурстық жұмыстарды бағалауды комиссия жүргізеді, оған мемлекеттік органдардың басшылығы, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдардың өкілдері, Парламент палаталарының депутаттары енгізіле алады.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР
Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін конкурсқа бұл жұмысты жіберген қатысушы тартады.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың авторлары конкурстың ұйымдастырушыларына бағытталған материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану құқығын береді (мерзімдік басылымдарда, интернетте, көрме стендтерінде). Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды.
КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ
Конкурстың қорытындыларын шығару және лауреаттарды наградтау 2017 жылғы 23 маусымда өтеді. Әр номинацияда бір жеңімпаз белгіленеді. Конкурс жеңімпаздары алғысхаттар (грамоталар) мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл с агенттігінің kyzmet.gov.kz сайты (ресми ақпаратты орналастыру, конкурс барысын жариялау, нәтижелерді көрсету). E-mail: adgspkrk@gmail.com Тел.: (7172) 753431, 753296.