ФОТОКОНКУРС ӨТЕДІ
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 100 бейнесі» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған фотоконкурсын өткізу туралы әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 100 бейнесі» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған фотоконкурсын (бұдан әрі – Фотоконкурс) өткізу туралы осы әдістемелік ұсынымдар фотоконкурсты ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар оның жеңімпаздарын анықтау тәртібін айқындайды.
2. Фотоконкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік).
3. Өткізілу орны – үздік мемлекеттік қызметшілерді ресми марапаттау салтанаты («Астана Опера» залының холы).
4. Фотоконкурстың мақсаты:
1) азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі деңгейін арттыру;
2) мемлекеттік қызметтегі реформалардың мән-мағынасын ашу;
3) меритократия қағидасына негізделіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелеріне азаматтардың назарын аудару;
4) жаңа бағыттағы, өз ісіне адал мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилігін насихаттау.
5. Фотоконкурсқа жеке тұлғалар қатысады.
2. Жұмыстардың мазмұны мен әрленуіне қойылатын талаптар
6. Конкурсқа ұсынылған материалдар, авторлық құқық, сонымен қатар зияткерлік меншік туралы заңнама талаптарына сай болуы тиіс.
7. Фотоконкурсқа түрлі жанрдағы конкурс тақырыбына сәйкес, көркем және деректі суреттер қабылданады.
8. Фотоматериал мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетін (іс үстінде, мемлекеттік қызмет көрсету немесе азаматтарға көмек көрсету кезінде және басқасы) көрсетуі (тіркеуі) тиіс.
9. Жұмыстардың авторларына суреттерді дайындау кезінде техникалық құраларды таңдауына шектеу қойылмайды.
Рұқсат етіледі: мөлшерін азайту, экспозицияны, ашықтықты, ақ түстің ара-қатынасын, қара-ақ түске және сепияға өзгерту, ретуш жасау (ақауларды түзету).
Монтаж жасауға және түрлі эффектілерді пайдалануға тыйым салынған.
10. Баспа беттерінен түсірілген немесе электронды көздерден көшірілген (соның ішінде Ғаламтордан жүктелген) суреттер қабылданбайды.
11. Қатысушы суретке атау бере алады (қалауы бойынша).
12. Фотоконкурсқа қатысу үшін бір автор немесе шығармашылық ұжымнан 3-тен артық жұмыс қабылданбайды.
13. Фотоконкурсқа қатысатын суреттердің форматы – JPEG, мөлшері 300 dpi кем емес (көлемі - А4). Суреттерде жазу болмауы тиіс – авторлық, жылы, атауы және өзге символдар, және мәтін, соның ішінде жарнамалық мәнердегі.
14. Агенттіктің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазылу және фотоконкурс туралы хабарламаға репост жасау фотоконкурстың міндетті шарты. Сондай-ақ қажетті шарттардың бірі – фотожұмыстарды «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде #bizdinmindethalykkakyzmet, #нашдолгслужениенароду хештегтерімен орналастыру болып табылады.
15. Барлық қатысушылардың фотожұмыстары «ҚР мемлекеттік қызметінің 100 тұлғасы» атты Мемлекеттік қызметші күніне арналған суреттер көрмесіне қойылады, 23 маусымда.
16. Әр суретке осы Әдістемелік ұсынымдардың 1-Қосымшасына сәйкес, толтырылған тіркеу анкетасы қоса берілуі тиіс.
3. Фотоконкурсты өткізу және қорытындылау мерзімі, тәртібі
17. Ұсынылған материалдар фотоконкурстың мақсаты мен критерийлеріне сай болулары тиіс.
18. Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құраладарында және Агенттіктің kyzmet.gov.kz ресми интернет-ресурсында, соның ішінде фотоконкурсқа арнайы құрылған айдарда орналастырылады.
19. Фотожұмыстар қоса берілген, конкурс өтінімдерін қабылдау adgspkrk@gmail.com электронды поштасы бойынша жүзеге асырылады.
20. Конкурс 3 кезеңді қамтиды:
1) бірінші кезең – конкурстық суреттерді 2017 жылдың 1 мамыры және 5 маусымы аралығында ұсыну;
2) екінші кезең – 2017 жылдың 15 маусымына дейін Агенттіктің kyzmet.gov.kz ресми интернет-ресурсында алдын ала дауыс беру;
3) үшінші кезең – ақтық дауыс беру және 6 жүлдегерді анықтау (I – «1 орын», II – «2 орын», III – «3 орын»).
21. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
1) жұмыстың фотоконкурс тақырыбына сәйкестігі;
2) тақырыпты ашу дәрежесі және сапасы.
3) шығармашылық шешімнің креативтілігі;
4) жұмыста көрсетілген даралық және авторлық ұстаным;
5) орындалған жұмыстың сапасы және әсемділігі;
6) мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың күнделікті мәселелерін шешуге деген құлшынысын көрсету шеберлігі.
22. Марапаттау Астана қаласында өтеді.
Марапаттау күні, уақыты орны туралы ақпарат Агенттіктің kyzmet.gov.kz ресми интернет-ресурсында қосымша жарияланатын болады.
23. Фотоконкурс жеңімпаздары атаулы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
1-Қосымша
Қатысушыны тіркеу анкетасы1. Қатысушының аты-жөні
2. Қатысушының телефоны, e-mail-ы
3. Жұмыстың атауы және сипаттамасы