АҚТӨБЕДЕ МҰНАЙ ҰРЛАҒАНДАРДАН ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ДІНИ ӘДЕБИЕТ ТӘРКІЛЕНДІ
Осы жылғы 16 мамырда Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі мен Ақтөбе облысы бойынша ІІД арнайы жасағының операциясы осы облыста мұнай өнімдерін ұрлап, оны заңсыз сатумен айналысатын қылмыстық топтың жолын кесті.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда операция барысында 4 адам ұсталған. Олардың арасында дәстүрлі емес діни ағым өкілі де бар.
Ұсталғандардан 100 тоннадан астам дизель отыны мен қаражат, қару-жарақ пен діни әдебиет тәркіленді. Он екі мекенжайға тінтуде әр түрлі заңды тұлғалардың мөрлері мен штамптары табылды. Олардың мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарларына сүргі соғылды.
Жедел –тергеу шаралары жалғасуда.