АУДАН ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Қазалы ауданы әкімі Нажмадин Шамұратов теміржол вокзалындағы сауда нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы нысан иелеріне қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында алкоголь өнімдерін сату уақытын кешкі 21.00-ден бастап шектеуді тапсырды.
Сонымен қатар, кент пен теміржол басшылығына вокзал аймағындағы абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыруды қажеттігін еске салды.
Бұдан өзге аудан әкімі кәсіпкерлік нысандарын аралап, жаңа жобалармен танысты.