ҚЫЗЫЛОРДАДА ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Полицияның пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлері 13 мәрте пәтерлерге ұрлыққа түсіп, қала тұрғындарына 2 миллионға жуық шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Қос ұрының қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды. Тергеу жұмыстары барысында, олардың қатысуымен төмендегідей қылмыстар орын алғандығы белгілі болды.
Олар 2017 жылдың 9 ақпанында Қызылжарма ауылы тұрғынының үйіне кіріп, әйелдер тоны мен алтын-күміс бұйымдарды қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 221 мын теңгені құраған.
Арада 6 күн өткенде екеуі осы ауылдағы тағы бір үйден 25 000 теңге ақша және алтын бұйымдар ұрлап, 250 000 теңге көлемінде шығын келтірген.
Сондай-ақ, 27 және 28 ақпан күндері Қызылжарма ауылының 2 тұрғынының үйіне ұрлыққа түсіп, бірінің екі теледидар мен 1 ноутбукты қолды еткен.
Әккі екеу барлық ұрлықты терезені бұзып кіру арқылы жасап отырған.
Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.