ЖЕТПІС ЕКІ ТҮП СОРА ЕККЕНІ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Сотта оның Қызылжарма ауылы айналасындағы қалың тоғай арасына 72 түп сора өсімдігін заңсыз егіп-өсіргені анықталды.
Сот үкімі бойынша сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен 1,3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, заң қолданысқа енгізілген күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылып, жазасы 3 жыл деп белгіленді.