БАЛАЛАРДЫ СУҒА КЕТУДЕН САҚТАҢЫЗДАР
Жыл басынан бері Қызылорда облысында үш адам суға кеткен, оның ішінде біреуі Жаңақорған ауданындағы орта мектеп оқушысы.
Сонымен бірге, 2017 жылдың 11 мамырында Арал қаласындағы Аманөткел ауылдық округінде осындай жағдай орын алды. Үш бала су тұндырғыштың жанында ойнап жүріп, тереңдігі 1 метр болатын суға құлап кетеді. Жеті жасар бала өзі шығып, көмекке үлкендерді шақырған. Алайда, өкінішке орай балаларды құтқару мүмкін болмады.
Осы жылдың 8 мамырында Алматы облысындағы отбасы үш бірдей баласынан айырылып қалды. Олардың үлкен баласы бес жаста, ең кішісі екі жасқа да толмаған Сол күні Ескелді ауданындағы Теректі өзеніне екі оқушы қыз суға кетті.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Су тоғандары жағасында демалып отырғанда да, кішкентай балаларды назардан тыс қалдыруға болмайды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері суға түсу маусымы басталысымен орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды қатыстыра отырып, алғашқы көмек көрсету жөнінде тәжірибелік сабақтар, судағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде оқыту семинарлары мен акцияларды ұйымдастырып келеді. Оған қоса демалып жатқан адамдардарды тарта отырып, судағы қауіпсіздікті сақтау туралы әңгімелер ұйымдастырылуда.